Хадис

Сәлем беру үлгісі

Форма приветствия

Риядус-салихин, 132-тақырып · 6 хадис · № 852–857

Хадистер

يُسْتَحَبُّ أَنْ يَقُولَ الْمُبْتَدِئُ بالسَّلَامِ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَةُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ. فَيَأْتِ بِضَميرِ الْجَمْعِ، وَإِنْ كَانَ الْمُسَلَّمُ عَلَيْهِ وَاحِدًا، وَيقُولُ الْمُجيبُ: وَعَلَيْكُمْ السَّلَامُ وَرَحْمَةُ اللَّه وَبَرَكَاتُهُ، فَيَأْتِى بِوَاوِ الْعَطْفِ فِى قَوْله: وَعَلَيْكُمْ

Сәлем беруші бір адаммен ғана амандасса да, сөзін: «Сіздерге амандық және Алланың рақымы мен берекесін тілеймін!» (Әссәләму-алейкум уә рахматуллаһи уә барауатуһ), – деп көпше түрде айтқаны жөн. Ал сәлемді алған адам: «Сіздерге де амандық және Алланың рақымы мен берекесін тілеймін!» (Уа алейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә баракәтуһу), – деп, сәлем алуды: «Сіздерге де...», – деп бастағаны жөн.

Даже если человек приветствует лишь одного собеседника, ему желательно употребить форму множественного числа и сказать: «Мир вам, милость Аллаха и Его благословение!» (Ассаляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатуху).

Тому, кто отвечает на приветствие, следует также употребить форму множественного числа и начать со слов «И вам…»: «И вам мир, милость Аллаха и Его благословение!» (Ва алейкум ассаляму ва рахматуллахи ва баракатуху).

852
Риядус-салихин, № 852Риуаят етуші: Имран ибн әл-Хусайн

عَنْ عِمْرَان بْنِ الْحصين، قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ، فَرَدَّ عَلَيْهِ ثُمَّ جَلَسَ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «عَشْرٌ» ثُمَّ جَاءَ آخَرُ، فَقَالَ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَةُ اللَّهِ، فَرَدَّ عَلَيْهِ فَجَلَسَ، فَقَالَ: «عِشْرُونَ» ثُمَّ جَاءَ آخَرُ، فَقَالَ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَةُ اللَّه وَبَركَاتُهُ، فَرَدَّ عَلَيْهِ فَجَلَسَ، فَقَالَ: «ثَلَاثُونَ»

Қазақша аудармасы

Имран ибн әл-Хусайн (р.а.): «Бірде біреу Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Әссәләму аләйкум» – деп сәлем бергенде, Алла елшісі де онымен солай амандасты. Әлгі кісі отырғанда, Алла елшісі дауыстап: «Он», – деді. Содан кейін тағы бір кісі келіп: «Әссәләму аләйкум уә рахматуллаһи» – деп сәлем бергенде, Пайғамбарымыз онымен де солай амандасты. Ол отырғанда, Алла елшісі дауыстап: «Жиырма», – деді. Біраздан соң және бір кісі келіп: «Әссәләму аләйкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу» – деп сәлем бергенде, Алла елшісі онымен де дәл солай амандасып, ол отырғанда, дауыстап: «Отыз» – деді», – деген. (Әбу Дәуід, 5196; Термизи, 6289; Ахмад,19948).

Орысша аудармасы

Имран ибн аль-Хусайн (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды один человек пришёл к Пророку ﷺ и поприветствовал его словами: “Ассаляму алейкум”. Посланник Аллаха ﷺ ответил ему тем же приветствием. Когда тот человек сел, Посланник Аллаха ﷺ громко произнёс: “Десять”. Затем пришёл другой человек и сказал: “Ассаляму алейкум ва рахматуллахи”. Пророк ﷺ ответил ему тем же приветствием. Когда тот сел, Посланник Аллаха ﷺ громко произнёс: “Двадцать”. Через некоторое время пришёл ещё один человек и сказал: “Ассаляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатуху”. Посланник Аллаха ﷺ также ответил ему тем же приветствием, а когда тот сел, громко произнёс: “Тридцать”» (Абу Дауд: 5196; Ат-Тирмизи: 6289; Ахмад: 19948).

853
Риядус-салихин, № 853Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ، قَالَتْ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هَذَا جِبْرِيلُ يَقْرَأُ عَلَيْكِ السَّلَامَ» قَالَتْ: قُلْتُ: وَعَلَيْهِ السَّلَامُ وَرَحْمَةُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ маған: «Бұл Жәбірейіл, саған сәлем жолдап (игілік тілеп) тұр!» – деді. Сонда мен: «Оған да игілік және Алланың рақымы мен берекесін тілеймін!» – деп жауап бердім», – деген (Бұхари, 95; Ахмад, 13308).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Это Джибрил – он передаёт тебе приветствие (желая тебе блага)!” Я ответила: “И ему мир, милость Аллаха и Его благословение!”» (Аль-Бухари: 95; Ахмад: 13308).

854
Риядус-салихин, № 854Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا تكلم بِكَلِمَةٍ أعَادَهَا ثَلَاثًَا حَتَّى تُفهَمَ عَنْهُ، وَإِذَا أَتَى عَلَى قَوْمٍ فَسَلَّمَ عَلَيْهِمْ سلم عَلَيْهِمْ ثَلَاثًا

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ айтқан сөзі түсінікті болуы үшін кей кездері бір сөзді үш рет қайталап айтатын. Көпшілікпен жолығуға (немесе біреудің үйіне) барғанда да кей кездері үш қайтара сәлем беретін еді», – деп айтты (Бұхари, 95; Ахмад, 13308).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Чтобы его слова были понятны, Посланник Аллаха ﷺ иногда повторял сказанное трижды. Приходя к людям или к кому-либо домой, он также иногда приветствовал присутствующих три раза» (Аль-Бухари: 95; Ахмад: 13308).

855
Риядус-салихин, № 855Риуаят етуші: Миқдад

عَنْ الْمِقْدَادِ فِى حدِيثهِ الطويل، قَالَ: كُنَّا نَرْفَعُ لِلنَّبِيِّ ﷺ نَصِيبَهُ مِنَ اللَّبَنِ، فَيَجِيءُ مِنَ اللَّيْلِ، فَيُسَلِّمُ تَسْلِيمًا لَا يُوقِظُ نَائِمًا، وَيُسْمِعُ الْيَقْظَانَ، فَجَاءَ النَّبِيُّ ﷺ فَسَلَّمَ كَمَا كَانَ يُسَلِّمُ

Қазақша аудармасы

Миқдад (р.а.) жеткізген ұзын хадистің бір бөлігінде: «Әдетте, Пайғамбарымызға ﷺ сүт қалдырып қоятынбыз. Содан ол (сүтті алу үшін) түн ішінде келіп, ұйықтап жатқан адамды оятып жібермейтіндей, ал ояу адам еститіндей сәлем беретін. Сөйтіп Пайғамбарымыз ﷺ келіп, әдетінше сәлем берді», – деген (Муслим, 2055).

Орысша аудармасы

В одной из частей длинного хадиса, переданного Микдадом (да будет доволен им Аллах), говорится: «Обычно мы оставляли молоко для Пророка ﷺ. Он приходил за ним ночью и произносил приветствие так, чтобы спящие не проснулись, а бодрствующие услышали его. И вот Пророк ﷺ пришёл и, как обычно, поприветствовал нас» (Муслим: 2055).

856
Риядус-салихин, № 856Риуаят етуші: Әсма бинт Язид

عَنْ أسماء بنتِ يزيد أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَرَّ فِى الْمَسْجدِ يَوْمًا، وَعُصْبَةٌ مِنَ النِّسَاءِ قُعُودٌ، فَألْوَى بِيَدِهِ بالتسْلِيمِ

وهذا محمول عَلَى أَنَّهُ ﷺ، جَمَعَ بَيْنَ اللَّفْظِ وَالإِشَارَةِ، وَيُؤَيِّدُهُ أَنَّ فِى رِوَايةِ أَبِى داود: فَسَلَّمَ عَلَيْنَا

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Язид (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ бір күні мешітте отырған бір топ әйелдің жанынан өтіп бара жатып, оларға қолымен ишара жасап амандасты», – делінген (Тирмизи, 2698).

Бұл хадисті Алла елшісі ﷺ сөзбен де, қолымен ишара жасау арқылы да сәлемдесті деп түсінуге болады. Мұны Әбу Дәуіт жеткізген хадистегі: «Бізге сәлем берді» деген сөз қуаттайды. (Әбу Дәуіт, 5204).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Асмой бинт Язид (да будет доволен ею Аллах), сообщается: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ, проходя мимо группы женщин, сидевших в мечети, поприветствовал их жестом руки» (Ат-Тирмизи: 2698).

Этот хадис можно понимать так, что Посланник Аллаха ﷺ приветствовал их и словами, и жестом руки. Это подтверждают слова из хадиса, переданного Абу Даудом: «Он поприветствовал нас» (Абу Дауд: 5204).

857
Риядус-салихин, № 857

عَنْ أَبِى جُرَيٍّ الْهُجَيْمِيِّ قَالَ: أتيت رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَقُلْتُ: عَلَيْكَ السَّلَامُ يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: «لَا تَقُلْ عَلَيْكَ السَّلَامُ؛ فَإِنَّ عَلَيْكَ السَّلَامُ تَحِيَّةُ الْمَوتَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Журай әл-Һужайми (р.а.) былай деген: «Бірде Алла елшісіне ﷺ барып: «Аләйкәс-сәләм (саған амандық тілеймін), уа, Расулалла!» – деп едім, ол: «Аләйкәс-сәләм», – деме, өйткені «Аләйкәс-сәләм», – деген марқұмдарға айтылатын сәлем», – деп айтты» (Әбу Дәуіт, 4084; Тирмизи, 2722).

Орысша аудармасы

Абу Джурай аль-Худжайми (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и сказал: “Алейкас салям (желаю тебе мира), о Посланник Аллаха!” Он ответил: “Не говори: ‘Алейкас салям’, ибо словами ‘Алейкас салям’ приветствуют покойных”» (Абу Дауд: 4084; Ат-Тирмизи: 2722).