Хадис

Сәлемдесудің және оны кеңінен қолданудың артықшылығы жайында

О достоинстве приветствия и его широкого распространения

Риядус-салихин, 131-тақырып · 6 хадис · № 846–851

СӘЛЕМДЕСУ ЖАЙЫНДА

Хадистер

846
Риядус-салихин, № 846Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص: أَنَّ رَجُلًا سأل رَسُول اللَّهِ ﷺ: أَيُّ الْإِسْلَامِ خَيْرٌ؟ قَالَ: «تُطْعِمُ الطَّعَامَ، وَتَقْرَأُ السَّلَامَ عَلَى مَنْ عَرَفْتَ وَمَنْ لَمْ تَعْرِفْ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бір адам Алла елшісінен ﷺ: «Исламдағы ең игі іс қандай?» – деп сұрағанда, ол: «Қарны аш адамды тамақтандыруың және танысаң да, танымасаң да, жолыққан адамдарға сәлем беруің», – деп жауап берді», – деген (Бұхари, 12; Муслим, 160; Ахмад,6581).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Один человек спросил Посланника Аллаха ﷺ: “Какое деяние в исламе является наилучшим?” Он ответил: “Накормить голодного и приветствовать каждого встреченного тобой человека – независимо от того, знаком ты с ним или нет”» (Аль-Бухари: 12; Муслим: 160; Ахмад: 6581).

847
Риядус-салихин, № 847Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «لَمَّا خَلَقَ اللَّهُ آدَمَ ﷺ قَالَ: اذْهَبْ فَسَلِّمْ عَلَى أُولئِكَ – نَفَرٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ جُلُوس – فَاسْتَمِعْ مَا يُحَيُّونَكَ؛ فَإِنَّهَا تَحِيَّتُكَ وَتَحِيَّةُ ذُرِّيتِكَ. فَقَالَ: السَّلَامُ عَلَيْكُمْ، فَقَالُوا: السَّلَامُ عَلَيْكَ وَرَحْمَةُ اللَّهِ، فَزَادُوهُ: وَرَحْمَةُ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Адамды (а.с.) жаратқанда, оны мәжіліс құрып отырған бір топ періштелерге жіберіп: «Бар да аналарға сәлем бер және олардың өзіңе қалай қошеметпен жауап бергенін ұғып ал. Расында сол – сенің және ұрпағыңның сәлем беру үлгісі болады!» – деді. Адам (а.с.) оларға: «Әссәләму аләйкум (сіздерге амандық тілеймін)!» – дегенде, олар да: «Әссәләму аләйкә уә рахматуллаһи (саған да амандық пен Алланың рақымын тілейміз)!» – деп, оның сәлеміне: «Алланың рақымын тілейміз» деген сөзді қосқан екен», – деп айтқан (Бұхари, 3326; Муслим, 7163; Ахмад,8171).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Когда Аллах создал Адама (мир ему), Он направил его к группе ангелов, сидевших вместе, и сказал: “Ступай, поприветствуй их и запомни, как они ответят на твоё приветствие. Поистине, именно этим приветствием будете пользоваться ты и твои потомки!” Адам (мир ему) сказал им: “Ассаляму алейкум (мир вам)!” Они ответили: “Ассаляму алейка ва рахматуллахи (мир тебе и милость Аллаха)!” – добавив к его приветствию слова: “И милость Аллаха”» (Аль-Бухари: 3326; Муслим: 7163; Ахмад: 8171).

848
Риядус-салихин, № 848

عَنْ أَبِى عُمَارة الْبراءِ بْنِ عازِبٍ، قَالَ: أمرنا رَسُول اللَّهِ ﷺ بِسَبْعٍ: بِعِيَادَةِ الْمَرِيضِ، وَاتِّبَاعِ الْجَنَائِزِ، وَتَشْمِيتِ الْعَاطِسِ، وَنَصْرِ الضَّعيفِ، وَعَوْنِ الْمَظْلُومِ، وَإِفْشَاءِ السَّلَامِ، وَإِبْرَارِ الْمُقسِمِ

Қазақша аудармасы

әл-Бәра ибн Азиб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ бізге жеті істі бұйырды: «Науқастың көңілін сұрауды, жаназаға қатысуды, түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Алла сені мейіріміне бөлесін) деп айтуды, әлсізге жәрдем беруді, жазықсыз жапа шеккен жанға қолұшын беруді, өзара амандасуды кеңінен жаюды және айтқанын істету үшін немесе бір нәрсе сұрап ант-су ішкен адамның анты бұзылмасын деп айтқанына көнуді бұйырды», – деп айтты (Бұхари, 6235; Муслим, 3588; Ахмад,18504).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ повелел нам совершать семь дел: навещать больного, участвовать в погребальной процессии, говорить чихнувшему: “Ярхамукаллах” (да помилует тебя Аллах), помогать слабому, поддерживать невинно пострадавшего, широко распространять приветствие и исполнять просьбу человека, поклявшегося ради того, чтобы его слова были исполнены или он получил просимое, дабы его клятва не оказалась нарушенной» (Аль-Бухари: 6235; Муслим: 3588; Ахмад: 18504).

849
Риядус-салихин, № 849Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ حَتَّى تُؤمِنُوا، وَلَا تُؤْمِنُوا حَتَّى تَحَابُّوا، أوَلَا أدُلُّكُمْ عَلَى شَيْءٍ إِذَا فَعَلْتُمُوهُ تَحَابَبْتُمْ؟ أفْشُوا السَّلَامَ بَيْنَكُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Сендер толық иман келтірмейінше, жұмаққа кіре алмайсыңдар. Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша, толық иманға келмейсіңдер. Ендеше, араларыңда сүйіспеншілік тудыратын істі айтайын ба? Өзара сәлемдесіп, амандық сұрасуды кеңінен жайыңдар», – деп айтты», – делінген (Муслим, 194; Ахмад,9084).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Вы не войдёте в рай, пока не обретёте полноту веры, и не обретёте полноту веры, пока не полюбите друг друга. Так не указать ли вам на дело, которое породит между вами любовь? Широко распространяйте приветствия, приветствуйте друг друга и спрашивайте о благополучии» (Муслим: 194; Ахмад: 9084).

850
Риядус-салихин, № 850

عَنْ أَبِى يوسف عَبْد اللَّهِ بْنِ سلَام قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يَا أيُّهَا النَّاسُ، أفْشُوا السَّلَامَ، وَأطْعِمُوا الطَّعَامَ، وَصِلُوا الْأرْحَامَ، وَصَلُّوا والنَّاسُ نِيَامٌ، تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ بِسَلَام»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Сәләм (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Уа, адамдар! Өзара сәлемдесуді (бір-бірлеріңе бейбітшілік, береке тілеуді) кеңінен жайыңдар. Мұқтаждарды және бір-бірлеріңді тамақтандырыңдар. Араларыңдағы туыстық қатынасты үзбеңдер және ел-жұрт терең ұйқыда жатқанда тұрып намаз оқыңдар. Сонда аман-есен жұмаққа кіресіңдер», – деп айтқанын естідім», – деген (Тирмизи,2485).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Салям (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “О люди! Широко распространяйте приветствие мира между собой (желая друг другу мира и благоденствия). Кормите нуждающихся и друг друга. Поддерживайте родственные связи и совершайте молитву, когда люди погружены в глубокий сон. Тогда вы войдёте в рай с миром и благополучием”» (Ат-Тирмизи: 2485).

851
Риядус-салихин, № 851

عَنْ الطُّفَيْل بْنِ أُبَيِّ بْنِ كعبٍ: أَنَّهُ كَانَ يأتي عَبْد اللَّهِ بْنِ عمر، فيغدو مَعَهُ إِلَى السُّوقِ، قَالَ: فإِذَا غَدَوْنَا إِلَى السُّوقِ، لَمْ يَمُرَّ عَبْدُ اللَّه عَلَى سَقَّاطٍ وَلَا صَاحِبِ بَيْعَةٍ، وَلَا مِسْكِينٍ، وَلَا أَحَدٍ إِلَّا سَلَّمَ عَلَيْهِ، قَالَ الطُّفَيْلُ: فَجِئْتُ عَبْد اللَّهِ بنَ عُمَرَ يَوْمًا، فَاسْتَتْبَعَنِى إِلَى السُّوقِ، فَقُلْتُ لَهُ: مَا تَصْنَعُ بالسُّوقِ، وَأَنْتَ لَا تَقِفُ عَلَى الْبَيْعِ، وَلَا تَسْأَلُ عَنِ السِّلَعِ، وَلَا تَسُومُ بِهَا، وَلَا تَجْلِسُ فِى مَجَالِسِ السُّوقِ؟ وَأَقُولُ: اجْلِسْ بِنَا هَاهُنَا نَتَحَدَّث، فَقَالَ: يَا أَبَا بَطْنٍ – وَكَانَ الطفَيْلُ ذَا بَطْنٍ – إِنَّمَا نَغْدُو مِنْ أجْلِ السَّلَامِ، فنُسَلِّمُ عَلَى مَنْ لَقيْنَاهُ

Қазақша аудармасы

Туфайл ибн Убәй ибн Кағб кейде Абдулла ибн Омарға барып, онымен бірге таң сәріден базарға баратынын әңгімелеп, былай деген: «Біз таңертең базарға барғанымызда Абдулла ескі-құсқы заттар сататын адам бола ма, саудагер ме, міскін бе, кімнің қасынан өтсе де бәріне сәлем беретін еді», – деген. Туфайл: «Бір күні әдеттегідей Абдулла ибн Омарға барғанымда, маған өзімен бірге базарға баруды ұсынды. Сонда оған: «Базарды қайтесің? Бәрібір онда сауда жасамайсың, тауарлар жайлы сұрап, саудаласпайсың да, не ондағы жиындарға да қатыспайсың?! Одан да осында отырсаңшы, әңгімелесейік», – деп едім, ол: «Әй, қарынбай!1 Біз тек сәлем беру үшін барамыз, кездестірген ел-жұртпен амандасамыз», – деп айтты», – деген (Мәлик, 961).

Орысша аудармасы

Туфайль ибн Убай ибн Кааб рассказывал: «Бывало, я приходил к Абдуллаху ибн Умару, и ранним утром мы вместе отправлялись на рынок. Когда мы приходили туда, Абдуллах приветствовал каждого, мимо кого проходил, будь то торговец подержанными вещами, купец, бедняк или кто-либо другой. Однажды я, как обычно, пришёл к Абдуллаху ибн Умару, и он предложил мне пойти с ним на рынок. Тогда я сказал ему: “Зачем тебе рынок? Ведь ты всё равно там не торгуешь, не расспрашиваешь о товарах, не торгуешься и не присоединяешься к тамошним собраниям! Лучше останься здесь, посидим и поговорим”. Он ответил: “Эй, дородный1! Мы ходим туда лишь ради того, чтобы приветствовать людей: здороваемся с каждым, кого встретим”» (Малик: 961).

  1. 1Туфайлдың қарны үлкен болғандықтан солай атаған.
  1. 1Так он назвал Туфайля, потому что у того был большой живот.