عَنْ أَبِى قَتَادَة قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «الرُّؤْيَا الصَّالِحَةُ – وَفِى رِوَايَة: الرُّؤْيَا الْحَسَنَةُ – مِنَ اللَّهِ، وَالْحُلُمُ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَمَنْ رَأَى شَيْئًا يَكْرَهُهُ فَلْيَنْفُثْ عَن شِمَالِهِ ثَلَاثًا، وَلْيَتَعَوَّذْ مِنَ الشَّيْطَانِ؛ فَإِنَّهَا لَا تَضُرُّهُ»
Әбу Қатададан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Игі түс (немесе басқа бір риуаятта «жақсы түс» делінген) – Алладан, ал жаман түс – шайтаннан. Кімде-кім жаман түс көрсе, сол жағына үш рет ақырын түкіріп, шайтанның кесірінен Алладан пана тілесін. Осылай істесе, көрген түсінен оған ешқандай да зиян келмейді», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 6695, Муслим: 5897, Ахмад: 22564).
Передаётся со слов Абу Катады (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Благой сон – или, согласно другой версии, хороший сон – от Аллаха, а дурной сон – от шайтана. Если кто-либо увидит дурной сон, пусть трижды слегка сплюнет влево и обратится к Аллаху за защитой от зла шайтана. Если он поступит так, увиденный сон ничем ему не навредит» (Аль-Бухари: 6695; Муслим: 5897; Ахмад: 22564).