Хадис

Риядус-салихин, № 141

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
13. Ізгілікке бастайтын жолдардың көптігі жайында
Нөмірі
№ 141 (қазақша басылым реті)
141
Риядус-салихин, № 141Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِى مُوسَى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «عَلَى كلّ مُسْلِمٍ صَدَقَةٌ» قَالَ: أرأيتَ إِنْ لَمْ يَجِدْ؟ قَالَ: «يَعْمَلُ بِيَدَيْهِ فَيَنْفَعُ نَفْسَهُ وَيَتَصَدَّقُ» قَالَ: أرأيتَ إِن لَمْ يَسْتَطِعْ؟ قَالَ: «يُعِينُ ذَا الْحَاجَةِ الْمَلْهُوفَ» قَالَ: أرأيتَ إِنْ لَمْ يَسْتَطِعْ، قَالَ: «يَأْمُرُ بِالمعْرُوفِ أوِ الْخَيْرِ» قَالَ: أَرَأَيْتَ إِنْ لَمْ يَفْعَلْ؟ قَالَ: «يُمْسِكُ عَنِ الشَّرِّ، فَإِنَّهَا صَدَقَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Әрбір мұсылманға садақа беру міндетті!» – деп айтады. Сонда Әбу Мұса: «Егер беретін ештеңе таппаса ше?» – дейді. Алла елшісі: «Өз қолымен еңбек етіп, һәм өзіне пайда келтіріп, һәм де садақасын береді», – дейді. Әбу Мұса: «Ал егер оған да шамасы жетпесе ше?» – дегенде, Алла елшісі: «Қамыққан мұқтаж жанға қолұшын берсін», – дейді. Әбу Мұса тағы да: «Егер оған да шамасы жетпесе ше?» – дегенде, Алла елшісі: «Онда адамдарды жақсылыққа немесе қайырлы іс істеуге шақырсын», – дейді. Әбу Мұса тағы да: «Егер оны да істей алмаса ше?» – дегенде, Алла елшісі: «Онда жамандық атаулыдан тыйылсын, өйткені ол да садақа!» – дейді», – делінген. (Бұхари: 1445; Муслим: 2333).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Мусой аль-Ашари (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Каждый мусульманин обязан давать садаку!» Абу Муса спросил: «А если он не найдёт ничего, что мог бы дать?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Пусть трудится своими руками, принося пользу самому себе, и даёт садаку». Абу Муса спросил: «А если и на это у него не хватит сил?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Пусть протянет руку помощи нуждающемуся, оказавшемуся в бедственном положении». Абу Муса вновь спросил: «А если он не сможет сделать и этого?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Тогда пусть призывает людей к добру или к совершению благих дел». Абу Муса снова спросил: «А если он не сможет сделать и этого?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Тогда пусть воздерживается от всякого зла, ибо и это – садака!» (Аль-Бухари: 1445; Муслим: 2333).