Хадис

Риядус-салихин, № 128

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
13. Ізгілікке бастайтын жолдардың көптігі жайында
Нөмірі
№ 128 (қазақша басылым реті)
128
Риядус-салихин, № 128

عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَوَضَّأَ فَأَحْسَنَ الْوُضُوءَ، ثُمَّ أَتَى الْجُمعَةَ فَاسْتَمَعَ وَأنْصَتَ غُفِرَ لَهُ مَا بَيْنَهُ وَبَيْن الْجُمُعَةِ وَزِيادَةُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ، وَمَنْ مَسَّ الْحَصَا فَقَدْ لَغَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім жақсылап дәрет алып, сосын жұма намазына мешітке келсе, сөйтіп (ешкіммен сөйлеспей) үнсіз отырып, құтба тыңдаса, оның сол жұма мен өткен жұмасы арасындағы және соған қоса тағы үш күн ішінде (жасап қойған күнә-қателіктері) кешіріледі. Ал кімде-кім (жұма құтбасы барысында) тіпті, (алдында жатқан) майда тастарды ұстап (сонымен ойнау сынды әбес істермен айналысса), шынында оның (жұма намазы) жарамсыз болады», – деп айтқан, – деген. (Муслим: 1988; Ахмад: 9484).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передаёт, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто должным образом совершит омовение, затем придёт в мечеть на пятничную молитву и, сидя молча (не разговаривая ни с кем), будет слушать проповедь, тому простятся прегрешения (совершённые им грехи и ошибки) за время между этой и предыдущей пятничными молитвами, а также ещё за три дня. А кто (во время пятничной проповеди) хотя бы возьмёт в руки (лежащие перед ним) мелкие камешки и (станет заниматься такими бессмысленными делами, как игра с ними), у того, поистине, (пятничная молитва) окажется тщетной» (Муслим: 1988; Ахмад: 9484).

Түсіндірме (қазақша)

Осы хадиске түсіндірме жазған ғалымдар, жұма намазына барған адам жұманың құтбасы оқылып жатқанда, алдында жатқан кез келген затты ұстап, сонымен ойнап, шұғылданса немесе жанындағы адамдармен сөйлессе, тіпті сөйлеген адамға тыныш отыр деп ескерту жасаса дағы, оның жұма намазы жарамсыз болады, яғни жұма намазының сауабы жойылады деген. Демек, жұма құтбасы оқылып жатқанда сондай орынсыз істерді істеген адам жалпы жұма намазын өтеген болып саналады, бірақ жұманың еселенген сауабынан құр қалады.

Түсіндірме (орысша)

учёные, комментировавшие этот хадис, указывали, что если человек, пришедший на пятничную молитву, во время произнесения проповеди возьмёт в руки какой-либо лежащий перед ним предмет и станет играть с ним или отвлекаться на него либо заговорит с сидящими рядом людьми – даже если он лишь сделает замечание разговаривающему, сказав ему: «Сиди тихо», – его пятничная молитва окажется тщетной, то есть награда за неё будет утрачена. Иными словами, человек, совершавший подобные неуместные действия во время пятничной проповеди, в целом считается исполнившим пятничную молитву, однако лишается многократно увеличенной награды, полагающейся за неё.