Хадис

Риядус-салихин, № 126

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
13. Ізгілікке бастайтын жолдардың көптігі жайында
Нөмірі
№ 126 (қазақша басылым реті)
126
Риядус-салихин, № 126

عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَينَما رَجُلٌ يَمشي بِطَرِيقٍ اشْتَدَّ عَلَيْهِ الْعَطَشُ، فَوَجَدَ بِئرًا فَنَزَلَ فِيهَا فَشربَ، ثُمَّ خَرَجَ فإِذَا كَلْبٌ يَلْهَثُ يأكُلُ الثَّرَى مِنَ الْعَطَشِ، فَقَالَ الرَّجُلُ: لَقَدْ بَلَغَ هَذَا الْكَلْبُ مِنَ الْعَطَشِ مِثلُ الَّذِى كَانَ قَدْ بَلَغَ مِنِّى فَنَزَلَ الْبِئْرَ فَمَلأَ خُفَّهُ مَاءً ثُمَّ أمْسَكَهُ بفيهِ حَتَّى رَقِيَ، فَسَقَى الْكَلْبَ، فَشَكَرَ اللَّه لَهُ فَغَفَرَ لَهُ» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لَنَا فِى الْبَهَائِمِ أَجْرًا؟ فَقَالَ: «في كُلِّ كَبِدٍ رَطْبَةٍ أجْرٌ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وَفِى رِوَايَة للبخارِى: «فَشَكَرَ اللَّهُ لَهُ، فَغَفَرَ لَهُ، فأدْخَلَهُ الْجَنَّةَ» وفي رواية لهما: ﴿بَيْنَما كَلْبٌ يُطِيفُ بِرَكِيَّةٍ قَدْ كَادَ يقتلُهُ العَطَشُ إِذْ رَأَتْهُ بَغِيٌّ مِنْ بَغَايَا بَنِي إسْرَائِيل، فَنَزَعَتْ مُوقَها فَاسْتَقَتْ لَهُ بِهِ فَسَقَتْهُ فَغُفِرَ لَهَا بِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Бірде жол жүріп келе жатқан бір кісі аңқасы кеуіп әбден шөлдейді, содан ол жол-жөнекей бір құдыққа тап болады да, бірден құдыққа түсіп, су ішеді. Содан құдықтан шығып қараса, әбден шөл қысып, тілі салақтаған бір ит (дымқыл тартқан) топырақты жеп жатыр екен. Сонда ол ішінен: «Мына байғұс ит те мен секілді қатты шөлдеген екен ғой», – деді де, құдыққа қайта түсіп, аяқ-киіміне су толтырып алып, аузына тістеген күйі құдықтан шығып, әлгі итке су береді. Сонда Алла оның бұл ісіне (дән риза болып), алғыс білдіріп, күнәларын түгелдей кешіреді», – деді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Сонда біз жан-жануарларға жақсылық жасау арқылы да сауап аламыз ба?» – дегенде, Алла елшісі: «Әрине, әрбір тіршілік иесіне жасалған жақсылыққа сауап жазылады», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 6009; Муслим: 5844; Ахмад: 8874).

Имам Бұхаридің жинағындағы хадисте: «Сөйтіп, Алла оның бұл ісіне (дән риза болып), алғыс білдіріп, күнәларын түгелдей кешірді және оны жаннатқа кіргізді», – деп айтылған.

Сондай-ақ имам Бұхари мен имам Муслимнің басқа бір риуаятында былай келген: «Бірде Исрайыл ұрпақтарынан бір жеңіл жүрісті әйел шөлден өле жаздап, құдықты шыр айналып жүрген бір итті көреді де, бірден аяқ киімін шеше салып, сонымен су алып, әлгі итке су береді. Міне, сол игі ісі үшін оның күнәлары кешіріледі».

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), говорится, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Однажды у одного путника во рту совсем пересохло и его стала мучить сильная жажда. По дороге он наткнулся на колодец, сразу спустился в него и напился воды. Выбравшись из колодца, он увидел собаку, которая, изнемогая от жажды и высунув язык, ела (влажную) землю. Тогда он подумал: “Эта бедная собака мучается от жажды так же, как только что мучился я”. Он вновь спустился в колодец, наполнил водой свой башмак и, зажав его в зубах, выбрался наверх, а затем напоил собаку. Тогда Аллах (будучи весьма доволен этим поступком) отблагодарил его и простил ему все грехи». Сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! Неужели нам полагается награда и за добро, сделанное животным?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Конечно. За добро, сделанное любому живому существу, записывается награда» (Аль-Бухари: 6009; Муслим: 5844; Ахмад: 8874).

В хадисе, приведённом имамом аль-Бухари, сказано: «Тогда Аллах (будучи весьма доволен этим поступком) отблагодарил его, простил ему все грехи и ввёл его в рай».

Кроме того, в другой версии, переданной имамами аль-Бухари и Муслимом, говорится: «Однажды одна женщина лёгкого поведения из числа потомков Исраиля увидела собаку, которая, едва не погибая от жажды, кружила вокруг колодца. Она сразу сняла туфлю, зачерпнула ею воду и напоила собаку. За этот благой поступок ей были прощены грехи».