Хадис

Риядус-салихин, № 122

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
13. Ізгілікке бастайтын жолдардың көптігі жайында
Нөмірі
№ 122 (қазақша басылым реті)
122
Риядус-салихин, № 122Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَةَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كُلُّ سُلَامَى مِنَ النَّاسِ عَلَيْهِ صَدَقَةٌ، كُلَّ يَوْمٍ تَطلُعُ فِيهِ الشَّمْسُ: تَعْدِلُ بَينَ الاثْنَينِ صَدَقَةٌ، وتُعِينُ الرَّجُلَ فِى دَابَّتِهِ، فَتَحْمِلُهُ عَلَيْهَا أَوْ تَرفَعُ لَهُ عَلَيْهَا مَتَاعَهُ صَدَقَةٌ، وَالكَلِمَةُ الطَيِّبَةُ صَدَقَةٌ، وبكلِّ خَطْوَةٍ تَمشيهَا إِلَى الصَّلَاةِ صَدَقَةٌ، وتُميطُ الْأذَى عَنِ الطَّرِيقِ صَدَقَةٌ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

ورواه مسلم أيضًا من رواية عَائِشَة رَضي اللَّه عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّهُ خُلِقَ كُلُّ إِنْسَان مِنْ بَنِى آدَمَ عَلَى سِتِّينَ وثَلَاثمئة مفْصَل، فَمَنْ كَبَّرَ اللَّهَ، وحَمِدَ اللَّه، وَهَلَّلَ اللَّهَ، وَسَبَّحَ اللَّه، وَاسْتَغْفَرَ اللَّه، وَعَزَلَ حَجَرًا عَنْ طَرِيقِ النَّاسِ، أَوْ شَوْكَةً، أَوْ عَظمًا عَن طَرِيقِ النَّاسِ، أَوْ أَمَرَ بمَعْرُوف، أَوْ نَهَى عَنْ منكَر، عَدَدَ السِّتِّينَ والثَّلاثِمئَة فَإِنَّهُ يُمْسِى يَوْمَئِذٍ وقَدْ زَحْزَحَ نَفسَهُ عَنِ النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Күн шыққан әрбір күні адамдарға бойларындағы әр буын үшін (шүкіршілік ретінде) садақа беруі міндет болады. Ренжіскен екі адамның арасын жарастыруың – садақа, кісіге көлігіне мінуге көмектесуің немесе жүгін көтеріп көлігіне артып беруің – садақа, әрбір жақсы сөз – садақа. Намазға ниеттеніп шыққандағы басқан әрбір қадамың – садақа және жолда жатқан кедергіні алып тастауың да – садақа», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 2891; Муслим: 2335; Ахмад: 8183).

Имам Муслим бұл хадисті Айшадан (р.а.) да жеткізген. Айша (р.а.) былай деген: «Алла елшісі: «Расында, әрбір Адам баласы үш жүз алпыс буынмен жаратылған. Кімде-кім осы үш жүз алпыс буынның санындай (Аллаһу әкбар деп) Алланы ұлықтаса һәм (әлхамду лилләһ деп) Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтса, (лә иләһә иллаллаһ деп) Алладан басқа тәңір жоқ, деп айтса, (субханаллаһ деп) Алланың мінсіз, нұқсандық атаулыдан ада екенін айтып ұлықтаса, (астағфируллаһ деп) Алладан кешірім тілесе, адамдардың жолынан тас, тікен немесе сүйекті алып тастаса және жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыйса, шынында ол сол күні өзін тозақтан барынша алыстатқан күйде кеш батырады», – деп айтты».

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Каждый день с восходом солнца человек обязан давать садаку (в знак благодарности) за каждый сустав своего тела. Примирить двух поссорившихся людей – садака; помочь человеку сесть на его средство передвижения или поднять и погрузить его поклажу – садака; каждое доброе слово – садака; каждый шаг, сделанный тобой по пути на молитву, – садака; убрать лежащее на дороге препятствие – также садака» (Аль-Бухари: 2891; Муслим: 2335; Ахмад: 8183).

Имам Муслим передал этот хадис также со слов Аиши (да будет доволен ею Аллах). Аиша рассказала: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, каждый сын Адама сотворён с тремястами шестьюдесятью суставами. Кто совершит благие дела по числу этих трёхсот шестидесяти суставов: возвеличит Аллаха, произнося ‘Аллаху акбар’; воздаст Аллаху хвалу и благодарность, произнося ‘альхамдулиллях’; засвидетельствует, что нет божества, кроме Аллаха, произнося ‘ля иляха илляллах’; прославит Аллаха, свидетельствуя, что Он пречист и свободен от всякого недостатка, произнося ‘субханаллах’; попросит у Аллаха прощения, произнося ‘астагфируллах’; уберёт с дороги людей камень, колючку или кость; повелит совершать одобряемое и удержит от порицаемого, – тот к вечеру этого дня окажется предельно удалившим себя от ада”».