Хадис

Риядус-салихин, № 818

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
127. Ұйықтар алдында оқылатын дұға-мінәжаттар
Нөмірі
№ 818 (қазақша басылым реті)
818
Риядус-салихин, № 818Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا أَخَذَ مَضْجَعَهُ مِنَ اللَّيْلِ وَضَعَ يَدَهُ تَحْتَ خَدِّهِ، ثُمَّ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ بِاسْمِكَ أَمُوتُ وَأحْيَا» وَإِذَا اسْتَيْقَظ قَالَ: «الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِى أحْيَانَا بَعْدَمَا أمَاتَنَا وَإِلَيْهِ النُّشُورُ»

Қазақша аудармасы

Хузәйфа (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ ұйқыға жатқанда, қолын жастанып: «Уа, Алла Тағалам, Сенің атыңмен көз жұмып, Сенің атыңмен қайта тірілемін», – деп дұға жасайтын. Ал оянғанда: «Бізге кіші өлімнің дәмін таттырған соң қайта тірілткен Аллаға шүкіршілік пен мадақ айтамыз! Соңында (ақырет таңы атқанда қабірдегі өлім ұйқысынан оянып) бәріміз де Аллаға қайтамыз», – деп дұға ететін еді», – деген (Бұхари, 6314, Ахмад: 23286).

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Пророк ﷺ ложился спать, он подкладывал ладонь под щёку и обращался с мольбой: “О Аллах Всевышний! С Твоим именем я смыкаю глаза и с Твоим именем вновь оживаю”. Проснувшись, он говорил: “Хвала и благодарность Аллаху, Который вернул нас к жизни после того, как дал нам вкусить малую смерть! После воскресения все мы вернёмся к Аллаху (когда забрезжит утро Последней жизни и мы пробудимся в могилах от смертного сна)”» (Аль-Бухари: 6314; Ахмад: 23286).