Хадис

Риядус-салихин, № 773

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
114. Суды түрегеп тұрып ішуге болатындығы, алайда отырып ішудің абзалдығы жайында
Нөмірі
№ 773 (қазақша басылым реті)
773
Риядус-салихин, № 773Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَشْرَبَنَّ أَحَدٌ مِنْكُمْ قَائِمًا، فَمَنْ نَسِيَ فَلْيَسْتَقِيء»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Ешбірің түрегеліп тұрып сусын ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып кетіп, түрегелген бойда сусын ішсе, онысын ақтарып тастасын», – деп айтты» – делінген (Муслим, әшрибә 116).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть никто из вас не пьёт стоя. Если же кто-либо забудет и выпьет стоя, пусть извергнет выпитое» (Муслим, «Книга напитков»: 116).

Түсіндірме (қазақша)

Соңғы екі хадис мағына тұрғысынан бір-біріне қарама-қайшы болып көрінсе де, Алла елшісінің ﷺ кей кездері суды түрегеп тұрып ішкені, кей кездері түрегеп тұрып ішуден тыйғандығы рас. Бірақ түрегеп тұрып су ішу көп жағдайда денсаулыққа зиянды болғандықтан, Алла елшісі негізінен отырып ішкенді жөн санаған. Екінші хадистегі «кімде-кім ұмытып кетіп, түреп тұрған күйде су ішсе, онысын ақтарып тастасын», – дегендегі «ішкенін ақтарып тастасын», – деген бұйрығы парыз немесе уәжіп мағынасын білдірмейді. Сондай-ақ кейбір ғалымдар бұл сөздің хадисті риуаят еткен Әбу Һурайраға тән «идраж» яғни, хадис мәтініне қосылған сөз деп түсіндірген. Бұл екі хадистен біздің түсінетініміз, су ішкенде мүмкін болса, отырып ішудің абзал әрі денсаулыққа әлдеқайда пайдалы екендігі. Тоқетері, су ішу әдебіне қатысты аталған хадистерден, суды отырып ішудің абзал екенін, алайда түрегеп тұрып та ішуге болатынын түсінеміз. Ал хадистердегі суды түрегеп тұрып ішуге қатысты тыйымды харам мағынасында емес, ары кетсе, жеңіл мүкруһ мағынасында деп түсінген жөн. Тамақ жеу әдебі де сол сияқты. (Муслим: 5279).

Түсіндірме (орысша)

хотя приведённые выше хадисы о питье стоя на первый взгляд кажутся противоречащими друг другу, достоверно известно, что Посланник Аллаха ﷺ иногда пил воду стоя, а иногда запрещал делать это. Однако поскольку питьё воды стоя во многих случаях вредит здоровью, Посланник Аллаха ﷺ главным образом предпочитал пить сидя.

Содержащееся в хадисе Абу Хурайры повеление: «Если кто-либо забудет и выпьет воду стоя, пусть извергнет выпитое» – не означает, что это является фарзом или ваджибом. Некоторые учёные также считали эти слова идраджем, то есть пояснением самого Абу Хурайры, включённым в текст хадиса.

Из приведённых хадисов следует, что при возможности воду предпочтительнее пить сидя и что это гораздо полезнее для здоровья. Иными словами, из приведённых хадисов об этикете питья воды мы понимаем, что пить сидя предпочтительнее, хотя пить стоя также разрешено. Запрет пить воду стоя следует понимать не как указание на запретность этого действия, а самое большее – как указание на его лёгкую нежелательность. То же относится и к этикету приёма пищи. (Муслим: 5279).