Хадис

Риядус-салихин, № 762

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
111. Су ішу әдебі
Нөмірі
№ 762 (қазақша басылым реті)
762
Риядус-салихин, № 762Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سهلِ بْنِ سعدٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُتِيَ بِشرابٍ، فَشَرِبَ مِنْهُ وَعَنْ يَمِينِهِ غُلَامٌ، وَعَنْ يَسَارِهِ أشْيَاخٌ، فَقَالَ للغُلَامِ: «أتَأْذَنُ لِى أَنْ أُعْطِيَ هؤُلَاءِ؟» فَقَالَ الْغُلَامُ: لَا واللَّهِ، لَا أُوثِرُ بنَصيبـي مِنْكَ أَحَدًا. فَتَلَّهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ فِى يَدِهِ

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) жеткізген хадисте: «Бірде Алла елшісіне ﷺ сусын әкелініп, ол одан аздап ішті, сонда оң жағында бір жас бала, ал сол жағында жасы үлкен кісілер отырған еді. Алла елшісі әлгі баладан: «Сусынды мына кісілерге беруіме рұқсат етесің бе?» – деп сұрап еді, ол: «Жоқ, уа, Расулалла! Уаллаһи, сізден бұйырған несібемді ешкімге қимаймын», – деді. Содан Алла елшісі сусынды оның қолына ұстатты», – деп келген (Бұхари: 2451; Муслим: 5292; Ахмад: 22867).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Сахля ибн Саада (да будет доволен им Аллах): «Однажды Посланнику Аллаха ﷺ принесли напиток, и он немного отпил из него. Справа от него сидел юноша, а слева – пожилые люди. Посланник Аллаха ﷺ спросил юношу: “Позволишь ли ты мне передать напиток этим людям?” Тот ответил: “Нет, о Посланник Аллаха! Клянусь Аллахом, я никому не уступлю свою долю, доставшуюся мне от вас”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ передал сосуд ему в руки» (Аль-Бухари: 2451; Муслим: 5292; Ахмад: 22867).