Хадис

Риядус-салихин, № 747

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
108. Шынтаққа сүйеніп, жантайып жатып тамақ ішудің жағымсыз іс екендігі жайлы
Нөмірі
№ 747 (қазақша басылым реті)
747
Риядус-салихин, № 747

عَنْ أَبِى جُحَيْفَةَ وَهْبِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا آكُلُ مُتَّكِئًا».

قَالَ الْخَطَّابِيُّ: الْمُتَّكئُ هَاهُنَا: هُوَ الْجالِسُ مُعْتَمِدًا عَلَى وِطَاءٍ تحته، قَالَ: وأَرَادَ أَنَّهُ لَا يَقْعُدُ عَلَى الْوِطَاءِ وَالوَسَائِدِ كَفِعْل مَنْ يُرِيدُ الْإِكْثَارَ مِنَ الطَّعَام، بل يَقْعُدُ مُسْتَوفِزًا لَا مُسْتَوطِئًا، وَيَأكُلُ بُلْغَةً. هَذَا كلَامُ الْخَطَّابيِّ، وأشارَ غَيْرُهُ إِلَى أَنَّ الْمُتَّكِئَ هُوَ الْمائِلُ عَلَى جَنْبِه، واللَّه أعلم

Қазақша аудармасы

Әбу Жухәйфа Уәһб ибн Абдуллаһ (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Мен (патшалар сияқты) шынтағыма сүйеніп жатып тамақтанбаймын», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 5398, Ахмад: 18754)

әл-Хаттаби: «Мұндағы «сүйенуші» дегені – астындағы жастыққа шынтақтап сүйенген адам. Алла елшісі ﷺ мұнда: «Көп тамақ жегісі келген адам сияқты көрпе-жастыққа сүйеніп, жайғасып отырмайтындығын айтқысы келген. Яғни жайланып емес, тұрып кетуге ыңғайланып отырады және аз жейді» – деген. Бұл әл-Хаттабидің сөзі. Ал одан өзге ғалымдар «сүйенуші» дегенді, жантайып жатқан адам, деп те түсіндірген. Анығын Алла білуші!

Орысша аудармасы

Абу Джухайфа Вахб ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Я не ем полулёжа, опираясь на локоть (подобно царям)”» (Аль-Бухари: 5398; Ахмад: 18754).

Аль-Хаттаби сказал: «Под “опираясь” здесь подразумевается состояние человека, который опирается локтем на подложенную под него подушку. Посланник Аллаха ﷺ хотел сказать, что он не устраивается поудобнее, опираясь на постель и подушки, подобно тому, кто желает съесть много. Иными словами, он сидит не расслабленно, а сохраняя готовность подняться, и ест мало». Таковы слова аль-Хаттаби. Другие учёные объясняли слово «опираясь» как обозначение состояния человека, лежащего на боку. А Аллах знает лучше!