Хадис

Риядус-салихин, № 743

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
105. Көпшілікпен бірге отырғанда құрманы немесе тағы басқа тағамды қос-қостан алып жеудің, тек көпшіліктің рұқсатымен ғана болатындығы жайлы
Нөмірі
№ 743 (қазақша басылым реті)
743
Риядус-салихин, № 743

عَنْ جَبَلَة بْنِ سُحَيْم، قَالَ: أَصَابَنَا عَامُ سَنَةٍ مَعَ ابن الزُّبَيْرِ؛ فَرُزِقْنَا تَمْرًا، وَكَانَ عبدُ اللَّه بْنِ عُمَرَ يَمُرُّ بنا ونحن نَأكُلُ، فَيقُولُ: لَا تُقَارِنُوا، فَإِنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهَى عنِ الْقِرَانِ، ثُمَّ يَقُولُ: إِلَّا أَنْ يَسْتَأذِنَ الرَّجُلُ أخَاهُ

Қазақша аудармасы

Жәбәлә ибн Сухайм (р.а.) былай деген: «Ибн Зубайр (халифамыз) болғанда, бір жыл қуаңшылыққа тап болдық, сонда бізге азыққа құрма берілетін еді. Біз құрма жеп отырғанда Абдулла ибн Омар (р.а.) қасымыздан өткен сайын: «Қос-қостан алмаңдар! Шынында Пайғамбарымыз ﷺ қос-қостан алудан тыйған», – дейтін, содан кейін: «...тек жанындағы бауырынан рұқсат сұрап алса, оның жөні басқа», – деп айтатын» (Бұхари: 5446, Муслим: 5333, Ахмад: 5533).

Орысша аудармасы

Джабаля ибн Сухайм (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «В правление нашего халифа Ибн аз-Зубайра у нас выдался засушливый год, и тогда нам выдавали финики в качестве пропитания. Всякий раз, проходя мимо нас, когда мы ели финики, Абдуллах ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) говорил: “Не берите сразу по два! Поистине, Пророк ﷺ запретил брать по два”, – а затем добавлял: “…если только человек не попросит разрешения у сидящего рядом с ним брата”» (Аль-Бухари: 5446; Муслим: 5333; Ахмад: 5533).