وَعَنْ أَبِى يَزيدَ مَعْنِ بْنِ يَزيدَ بْنِ الْأخنسِ رضي الله عَنْهُم وهو وأبوه وَجَدُّه صحابيُّون، قَالَ: كَانَ أَبِى يَزيدُ أخْرَجَ دَنَانِيرَ يَتَصَدَّقُ بِهَا، فَوَضعَهَا عِنْدَ رَجُلٍ فِى الْمَسْجِدِ، فَجِئْتُ فأَخذْتُها فَأَتَيْتُهُ بِهَا. فَقَالَ: واللهِ، مَا إِيَّاكَ أرَدْتُ، فَخَاصَمْتُهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «لكَ مَا نَوَيْتَ يَا يزيدُ، ولَكَ ما أَخَذْتَ يَا مَعْنُ»
Әбу Язид Мағн ибн Язид ибн әл-Ахнастан (р.а.) жеткен хадисте ол (өзі де, әкесі де, атасы да сахаба болған): «Әкем Язид садақа беру ниетімен бірнеше алтын динарды (үйден) алып шығып, мешіттегі бір кісіге қалдырып кеткен екен. Артынша мен барып (білместен) әлгі динарларды алып, әкеме келдім. Сонда ол: «Уаллаһи! Мұны сен алсын деп бермеген едім», – деп көңілі құлазып қалды. Содан, мәселенің шешімін табу үшін Алла елшісінің ﷺ алдына барып, үкіміне жүгіндім. Сонда ол: «Уа, Язид! Сен ниетіңе қарай сауабыңды алдың. Ал саған келсек, уа, Мағн, алғаның сенікі!» – деп үкім айтты», – деген. (Бұхари: 1422; Ахмад: 15860)
Абу Язид Маан ибн Язид ибн аль-Ахнас (да будет доволен им Аллах; он сам, его отец и его дед были сподвижниками) сказал: «Мой отец Язид, намереваясь раздать милостыню, вынес из дома несколько золотых динаров и оставил их у одного человека в мечети. Затем я пришёл и, не зная об этом, взял те динары и принёс их отцу. Тогда он сильно огорчился и сказал: “Клянусь Аллахом, я оставил эти деньги не для того, чтобы их взял ты!” После этого, желая разрешить возникший спор, я попросил Посланника Аллаха ﷺ рассудить нас. Тогда он вынес следующее решение: “О Язид! Ты получишь награду согласно своему намерению. А тебе, о Маан, принадлежит то, что ты взял!”» (Аль-Бухари: 1422; Ахмад: 15860).