Қазақша аудармасы
Сәиб ибн Язидтен риуаят етіледі: «Әзірет Омар (р.а.) Убәй ибн Кәғб пен Тәмимуд-Дариға рамазан түндері жамағатқа имам болып, он бір рәкағат намаз оқытуды бұйырды. Имам намазда аят саны жүзден асатын сүрелерді оқитын. Тіпті ұзақ уақыт қиямда тұруға шамамыз келмей, таяққа сүйенетінбіз. Намаздан таң шапағы жақындағанда ғана қайтатынбыз1».
- 1Бұл хадистегі он бір рәкағаттың сегізі – тарауих, үшеуі – үтір намазы. Келесі хадистегі жиырма үш рәкағаттың жиырмасы – тарауих, үшеуі – үтір намазы. Осы хадистер мен өзге хадистерді бірге қарастырғанда, сахабалардың тарауих намазын көбіне жиырма рәкағат, кейде сегіз рәкағат оқығаны аңғарылады.