Қазақша аудармасы
Сәлим ибн Абдуллаһ былай деп баяндайды: «Жұма күні әзірет Омар (р.а.) құтба оқып тұрғанда, сахабалардың бірі мешітке кірді. Мұны көрген Омар (р.а.): “Бұл қай уақыт?” – деді. Әлгі адам: “Уа, мүміндердің әмірі! Базардан қайттым. Азанды естіген соң дереу дәрет алып келдім”, – дегенде, Омар (р.а.): “Демек, дәрет алып келдің. Алайда Алла елшісінің жұма үшін ғұсыл алуды бұйырғанын білетін едің ғой”, – деді1».
- 1Бұхари, «Жұма», 11/2; Муслим, «Жұма», 7/3. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 62.