Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Адам бір сөз айтады, бірақ сол сөзі үшін тозақ отына түсетіні ойына да келмейді. Енді бір адам бір сөз айтады, алайда сол сөзі үшін Алланың оны жаннатқа кіргізетінін де ойламайды», – дейді.1
- 1Бұл – мәуқуф риуаят. Ол Абдуррахман ибн Абдуллаһ ибн Динар – әкесі – Әбу Салих – Әбу Һурайра тізбегімен мәрфуғ түрде де жеткізілген. Бұхари, Риқақ, 81/23.