Сүләймен ибн Ясар былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) және Халид ибн Уәлидпен (р.а.) бірге Харистің қызы Мәймунаның үйіне кірді. Ондағы ақ шөл кесірткелерін көріп: “Бұлар сендерге қайдан келді?” – деп сұрады. Мәймуна: “Маған бауырым, Харистің қызы Һузәйлә сыйға тартты”, – деп жауап берді. Алла елшісі (с.а.с.) Абдуллаһ ибн Аббас пен Халид ибн Уәлидке: “Жеңдер!” – деді. Олар: “Уа, Расулалла, өзіңіз де жемейсіз бе?” – деп сұрағанда, ол: “Маған Алла тарапынан бір топ періште келіп тұрады”, – деді. Мәймуна (р.а.): “Уа, Расулалла, сізге қасымыздағы сүттен ішуге берейік пе?” – деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с.): “Беріңдер”, – деді. Сүтті ішкен соң: “Бұл сендерге қайдан келді?” – деп сұрады. Мәймуна: “Мұны маған әпкем Һузәйлә сыйға тартты”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Азат ету үшін менен рұқсат сұраған күңің бар еді ғой. Сол күңді әпкеңе беріп, оның малын бағып-қағуына жәрдемдес. Осылайша туыстық жақсылық жасағаның өзің үшін қайырлы”, – деді».1
- 1Мүрсәл риуаят. Ибн Абдилбәрдің айтуынша, Букәйр ибн әл-Әшәжж оны Сүләймен ибн Ясар – Мәймуна тізбегімен жеткізген.