Қазақша аудармасы
Исхақ ибн Абдуллаһ ибн Әбу Талхадан риуаят етілген: Шифаның азат еткен құлы Рафиғ ибн Исхақ оған былай дейді: «Абдуллаһ ибн Әбу Талхамен бірге Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) ауырып жатқанда көңілін сұрауға бардық. Әбу Сағид бізге: “Алла елшісі (с.а.с.): ‘Ішінде мүсін немесе сурет бар үйге періштелер кірмейді’, – деген”, – деп айтты». Риуаятшы Исхақ осы жерде Әбу Сағидтің (р.а.) сурет пен мүсіннің қайсысын айтқанына күмәнданған.1
- 1Ибн Абдилбәр: «Бұл – осы тақырыптағы ең сахих әрі иснады ең көркем хадис», – дейді. Зурқани мұны «ең сахих әрі ең көркем» деп түсіндіреді. Мұнда мүсін мен суреттің екеуі де меңзелуі мүмкін. Сондай-ақ хадистегі «тимсал» сөзі өз алдына дербес бейнелерді, ал «сурат» сөзі басқа заттың бетіне өрнек не әшекей ретінде салынған бейнелерді білдіруі де ықтимал. Бәжи, «әл-Мунтақа», 7-том, 287-бет.