Қазақша аудармасы
Халид ибн Мағдан мәрфуғ түрде риуаят еткен хадисте: «Алла Тағала – жұмсақтық иесі, жұмсақтықты жақсы көреді әрі ұнатады. Қаталдық пен машақатқа бермеген жәрдемін жұмсақтыққа береді. Сендер тілсіз жануарларға мінгенде, олардың үйреншікті жайылымдарда оттауына мүмкіндік беріңдер. Ал жер қуаң әрі шөлейт болса, мал әбден әлсіреп, сүйек майы таусылмай тұрып, ол жерден тез өткізіңдер. Түнде жүруді таңдаңдар. Өйткені күндіз ұзақ көрінетін жол түнде тез өтеді. Таңға жақын жол үстіне қонудан сақтаныңдар. Өйткені жол – жануарлар жүретін әрі жыландар паналайтын жер», – делінген.1
- 1Ибн Абдилбәр: «Бұл – көптеген жолмен мүснәд түрде жеткен хадис. Оның сақталған риуаяттары көп», – дейді.