Қазақша аудармасы
Яхия ибн Сағид былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сауылатын бір түйені көрсетіп: “Мұны кім сауады?” – деп сұрады. Бір адам орнынан тұрды. Алла елшісі (с.а.с.): “Атың кім?” – деп сұрағанда, ол: “Мурра”, – деп жауап берді. Алла елшісі (с.а.с.): “Отыр”, – деді. Содан кейін: “Мұны кім сауады?” – деп қайта сұрады. Басқа бір адам тұрды. Одан да: “Атың кім?” – деп сұрағанда, ол: “Харб”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) оған да: “Отыр”, – деді. Содан соң тағы да: “Мұны кім сауады?” – деп сұрады. Бұл жолы өзге бір адам тұрды. Алла елшісі (с.а.с.): “Атың кім?” – деп сұрағанда, ол: “Яғиш”, – деп жауап берді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Сен сау”, – деді».1
- 1Мүрсәл әрі мұғдал риуаят. Ибн Абдилбәр оны Ибн Уәһб – Ибн Ләһиға – әл-Харис ибн Язид – Абдуррахман ибн Жубәйр – Яғиш әл-Ғифари тізбегімен мәусул түрде жеткізген.