Қазақша аудармасы
Сахабалардың бірі Суфиян ибн Әбу Зуһәйр мешіттің есігінде қасындағыларға хадис риуаят етіп: «Алла елшісінің (с.а.с.): “Бағы мен малын күзету үшін емес, өзге мақсатпен ит асыраған адамның амал сауабы күн сайын бір қыратқа, яғни белгілі бір мөлшерге кемиді”, – дегенін естідім», – деді. Саиб: «Мұны Алла елшісінен (с.а.с.) өзің естідің бе?» – деп сұрағанда, Суфиян: «Мешіттің Раббысымен ант етемін, иә», – деп жауап берді.1
- 1Бұхари, Харс, 41/3; Мүслим, Мусақат, 22/10, № 61; Шәйбани, № 892.