Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Әби Бәкір былай деп баяндайды: «Әбу Талха әл-Ансари бақшасында намаз оқып тұрған кезде алдында бір көгершін ұшып жүрді. Құс сасқалақтап, сыртқа шығатын жер іздегендей еді. Бұл көрініс Әбу Талхаға ұнап, біраз уақыт құсты көзімен қадағалады. Кейін намазына көңіл бөлгенде, қанша рәкағат оқығанын есіне түсіре алмады. Сонда Әбу Талха: “Осы бақшам көңілімді бөлді”, – деп, Алла елшісінің қасына келіп: “Уа, Расулалла! Бақшамды Алла жолына садақа етіп беремін. Оны қалағаныңызша пайдаланыңыз”, – деді1».
- 1Ибн Абдулбәр: «Бұл хадистің басқа жолмен риуаят етілгенін білмеймін. Бұл – мунқатиғ хадис», – дейді.