Хадис

Муатта, № 66

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
17. Намазды аяқтағаннан кейін сәлем бермей тұрып немесе екінші рәкағатта отырмай тұрып кету
Нөмірі
№ 66 (кітап ішіндегі рет реті)
66
Муатта, 4-кітап, № 66
Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Бүжәйна (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бізге бесін намазын оқытып жатқан еді. Екі рәкағат оқыған соң отырмай тұрып кетті. Намазын аяқтаған кезде сәһу сәждесін жасап, содан кейін сәлем берді». Имам Мәлик намазда жаңылысып, төрт рәкағатты аяқтағаннан кейін тұрып кеткен, қырағаттан соң рукуғ жасап, бой түзегенде намазды аяқтап қойғаны есіне түскен адам жайында былай деді: «Сәжде жасамай отырады. Тіпті бір сәжде жасағаннан кейін есіне түссе де, екінші сәждені жасамайды. Тәшәһһудты оқып, намазын аяқтаған соң, отырған жерінде сәлем береді де, сәһу сәждесін жасайды1».

  1. 1Бұхари, «Сәһу», 22/1; Муслим, «Мешіттер», 5/87.