Хадис

Муатта, № 60

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
15. Төрт рәкағатты намазда ұмытып, екі рәкағаттан кейін сәлем беру
Нөмірі
№ 60 (кітап ішіндегі рет реті)
60
Муатта, 4-кітап, № 60
Қазақша аудармасы

Әбу Бәкір ибн Сүлеймен: «Маған былай риуаят етілді: “Алла елшісі (с.а.с.) күндізгі намаздардың бірінде – бесін не екінті намазында – екі рәкағаттан кейін сәлем бергенде, Зүшшималәйн: ‘Уа, Расулалла! Намаз қысқартылды ма, әлде ұмыттыңыз ба?’ – деді. Ардақты Елші: ‘Намаз да қысқартылған жоқ, мен де ұмытқан жоқпын’, – дегенде, Зүшшималәйн: ‘Уа, Расулалла! Міндетті түрде екеуінің бірі болды’, – деді. Осыдан кейін Алла елшісі жамағатқа бұрылып: ‘Зүл-Йәдәйн дұрыс айтып тұр ма?’ – деді. Олар: ‘Иә, уа, Расулалла!’ – деген соң, Алла елшісі қалған рәкағаттарды толықтырып, сәһу сәждесін жасағаннан кейін сәлем берді”», – деді1.

  1. 1Ибн Абдулбәр: «Барлық риуаятшы бұл хадисті Мәликтен мурсал түрде жеткізген», – дейді. Муслим («Мешіттер», 5/88) оны Әбу Сағид әл-Худриден маусул түрде риуаят етеді.