Хадис

Муатта, № 48

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
12. Намазда тәхиятқа отырғанда жасалатын амал
Нөмірі
№ 48 (кітап ішіндегі рет реті)
48
Муатта, 4-кітап, № 48
Қазақша аудармасы

Әли ибн Абдуррахман әл-Муәуи былай дейді: «Намазда ұсақ тастармен ойнап отырған едім. Мұны көрген Абдуллаһ ибн Омар (р.а.): “Намазда Алла елшісінің істегенін істе”, – деді. Мен: “Алла елшісі (с.а.с.) қалай істейтін еді?” – деп сұрадым. Ол: “Алла елшісі намазда тәхиятқа отырғанда, оң қолын оң санының үстіне қоятын. Саусақтарын жұмып, сұқ саусағымен ишара ететін1. Сол қолын сол санының үстіне қоятын”, – деді2».

  1. 1Бажи: «Тәхиятта сұқ саусақпен ишара ету уәсуәсә беретін шайтанға мүмкіндік бермеу және намаздағы ықыласты сақтау үшін жасалады», – дейді. Кейбіреулер: «Бұл ишараның мағынасы – таухид», – дейді.
  2. 2Муслим, «Мешіттер», 5/116. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 144.