Хадис

Муатта, № 32

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
6. Қырағат мәселесі
Нөмірі
№ 32 (кітап ішіндегі рет реті)
32
Муатта, 4-кітап, № 32
Қазақша аудармасы

Нәфиғ былай дейді: «Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) дауыстап оқылатын намаздарда имамға үлгермей қалған рәкағаттарын толықтырғанда, қырағатты дауыстап оқитын». Язид ибн Руман былай дейді: «Нәфиғ ибн Жүбәйр ибн Мутғимнің жанында намаз оқып тұрған едім. Намазда қырағат етіп тұрып, тоқтап қалған кезде ол маған ишара жасады. Мен оның есіне түспей тұрған жерін айтып бердім1».

  1. 1Намаз оқытып тұрған имам қырағатта жаңылса немесе тоқтап қалса, сол намазға ұйыған жамағаттың бірі жаңылған жерін айтып береді. Ол намазға қатыспаған басқа адам айта алмайды.