Хадис

Муатта, № 26

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
4. Намаз
бап
5. Ақшам және құптан намаздарындағы қырағат
Нөмірі
№ 26 (кітап ішіндегі рет реті)
26
Муатта, 4-кітап, № 26
Қазақша аудармасы

Нәфиғ былай дейді: «Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) жалғыз өзі намаз оқығанда, парыз намаздардың төрт рәкағатында да “Фатиха” мен Құраннан бір сүре оқитын1. Кейде парыз намаздардың бір рәкағатында екі-үш сүре оқитын2».

  1. 1Имам Мәлик пен өзге имамдар парыз намаздардың төрт рәкағатында да қосымша сүре оқуға қарсы. Олар төрт рәкағатты парыздардың соңғы екі рәкағатында және ақшам намазының үшінші рәкағатында «Фатихадан» басқа нәрсе оқуды мәкруһ санаған. Бұған Бұхари мен Муслимде Әбу Қатададан (р.а.) риуаят етілген мына хадисті дәлел еткен: «Алла елшісі (с.а.с.) бесін намазының алғашқы екі рәкағатында “Фатиха” мен бір-бір сүре, соңғы екі рәкағатында тек “Фатиханы” оқитын».
  2. 2Шәйбани, 133.