- 1Біләл әл-Хабаши (р.а.) кейде мұсылмандарды тәһәжжүд намазына немесе сәресіге ояту үшін азанды таң шапағы атпай тұрып айтатын. Алла елшісінің екінші мүәззині, өзі туралы «Абаса» сүресінің алғашқы аяттары түскен зағип Абдуллаһ ибн Үммі Мәктум жамағаттың білдіруімен таң атқанда екінші азанды айтатын. Ардақты Елші (с.а.с.) осы азан айтылғанға дейін, яғни таң атқанға дейін сәресі ішуге болатынын айтқан.
- 2Ибн Абдулбәр: «Алғашқы иснадтың маусул екені жөнінде Имам Мәликке қарсы пікір айтылмаған», – дейді. Ал бұл хадисті Яхия мен көптеген риуаятшы мурсал түрде жеткізеді. Қағнаби оны әкесінен маусул түрде жеткізеді.
Муатта, № 15
- Жинақ
- Муаттаالموطأ
- кітап
- 4. Намаз
- бап
- 3. Алғашқы азаннан кейін сәресі ішуге болатын уақыт
- Нөмірі
- № 15 (кітап ішіндегі рет реті)