Қазақша аудармасы
Ибн Уағлә әл-Мысри былай дейді: «Абдуллаһ ибн Аббастан (р.а.) жүзімнен сығылған шыраның үкімін сұрадым. Ол маған мына оқиғаны баяндады: “Бір адам Алла елшісіне (с.а.с.) шарап толы торсық сыйға тартты. Алла елшісі (с.а.с.): ‘Мұны Алланың харам еткенін білмейсің бе?’ – деп сұрады. Әлгі адам: ‘Жоқ’, – деді де, жанындағы біреуге сыбырлап, бір нәрсе айтты. Алла елшісі (с.а.с.): ‘Оған жасырын не айттың?’ – деп сұрады. Ол: ‘Шарапты сатуын айттым’, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): ‘Оны ішуді харам еткен Алла сатуды да харам етті’, – деді. Әлгі адам шарап толы екі торсықтың аузын ашып, ішіндегісін түгел ағызып жіберді”»1.
- 1Муслим, «Мусақат», 22/12, № 68; Шәйбани, 713. Түрік тілінде «шарап», ал Құран мен хадистерде «хамр» деп аталатын нәрсе – ашып, күшейіп, көбігін шығарған шикі жүзім шырыны. Оған қатысты бірнеше үкім бар: 1) Ол тек мас ететіні үшін ғана емес, өз болмысына байланысты харам. Өйткені Құран Кәрімде «рижс», яғни лас нәрсе деп сипатталған. 2) Оның харам екенін жоққа шығарған адам діннен шығады. 3) Ол ауыр нәжістің үкімінде. Киімге, денеге немесе намаз оқылатын жерге алақан көлеміндей жұқса, намазға кедергі болады. 4) Мұсылман үшін шариғат мойындаған құнды мүлік саналмайды. Сондықтан оны сатып алуға да, сатуға да болмайды. Бұл хадис те соның дәлелдерінің бірі. 5) Шарап ішкен адамға, мас болмаса да, дүре соғылады (Маусили, «Әл-Ихтияр», IV, 99).