Хадис

Муатта, № 25

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
27. Неке
бап
11. Шариғат бойынша жарамсыз саналатын некелер
Нөмірі
№ 25 (кітап ішіндегі рет реті)
25
Муатта, 27-кітап, № 25
Қазақша аудармасы

Ансарлардан Ханса бинт Хидам былай дейді: «Мен бұрын тұрмыста болған әйел едім. Әкем менің қалауымсыз бір адамға тұрмысқа берді. Алла елшісіне (с.а.с.) барып, жағдайымды айтқанымда, ардақты Пайғамбар (с.а.с.) ол некені бұзды».1

  1. 1Бұхари, «Никах», 67/42; Шайбани, 529. Бұл хадис бойынша, адам тұрмысқа шығуды қаламаған қызын мәжбүрлей алмайды. Әсіресе, бұрын тұрмыста болған қызын еш мәжбүрлеуге болмайды.