Бәра ибн Азиб былай дейді: «Алла елшісінен (с.а.с.): “Құрбандық малын таңдағанда қандай кемшіліктерден сақтану керек?” – деп сұралды. Ардақты Пайғамбар қолымен ишарат етіп: “Төрт кемшіліктен!” – деді». Бәра осыны жеткізгенде өзі де қолымен ишарат етіп: «Менің қолым Алла елшісінің (с.а.с.) қолынан қысқалау», – дейтін. Содан кейін ардақты Пайғамбардың сөзін жалғастырып: «Ақсақтығы анық байқалатын, бір көзінің соқырлығы айқын көрінетін, ауруы анық білінетін және әбден арықтап, жілік майы таусылған мал құрбандыққа жарамайды», – деп жеткізетін.1
- 1Ханафи мәзһабы құрбандық малына қойылатын талаптарға осы хадисті дәлел етеді. Сондай-ақ қараңыз: Шайбани, 633.