Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Құранды үйренген адам байлаулы түйенің иесі сияқты. Егер түйесіне бас-көз болып жүрсе, оны ұстап қалады. Ал бос жіберсе, түйесі кетіп қалады1».
- 1Бұхари, «Фәдаил әл-Құран», 66/23; Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/226. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 174. Құран үйренген адамның жағдайы да осындай. Үйренгенін қайталап жүрсе, ұмытпайды. Қайталамаса, бос жіберілген түйе секілді жадынан шығып кетеді.