Қазақша аудармасы
Омар ибн Хаттабтан риуаят етіледі: «Намаз оқу үшін күннің шыққан және батқан сәтін күтпеңдер. Өйткені шайтан күн шығып келе жатқанда және батып бара жатқанда онымен бірге болады». Міне, сол себепті Әзірет Омар бұл уақыттарда намаз оқығандарды ұратын1.
- 1Бұл риуаят марфуғ түрінде де жеткен. Омардың ұлы Абдуллаһ оны ардақты Пайғамбарға жеткізіп риуаят еткен. Бұхари, «Бәду әл-халқ», 59/11. Бір хадистің бөлігі ретінде. Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/290.