Қазақша аудармасы
Абдуллаһ әс-Сунабихиден риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Күн шығып келе жатқанда шайтан да онымен бірге болады. Күн көтерілгенде шайтан одан ажырайды. Кейін күн дәл төбеге келген кезде шайтан қайтадан күнмен бірге болады. Күн дәл төбеден ауған кезде шайтан да одан ажырайды. Күн бата бастағанда шайтан қайтадан онымен бірге болады, ал батқан кезде одан ажырайды». Міне, осы себепті Алла елшісі (с.а.с.) осы үш уақытта нәпіл намаз оқуға тыйым салған1.
- 1Нәсәи, «Мәуақит», 6/31; Ибн Мәжа, «Иқамат әс-салат», 5/148; Шафиғи, «Рисала», № 874.