Қазақша аудармасы
Имам Мәликтен риуаят етіледі: Естуімше, Алла елшісі (с.а.с.) былай дұға етеді екен: «Уа, Алла! Сенен қайырлы істер жасауды, жамандықтардан бас тартуды, міскіндерді жақсы көруді тілеймін. Адамдар арасында бүлік шығуын қалаған кезіңде мені сол бүлікке араластырмай, рухымды Өзіңе қауыштыра көр1».
- 1Ибн Аббастан бір хадистің ішінде марфуғ түрінде жеткен. Тирмизи, «Тәпсір», 44/38. Бұхари, «Даъауат», 80/17.