Қазақша аудармасы
Яхия ибн Сағидтен риуаят етіледі: «Хаббанның немересі Мұхаммед ибн Яхия екеуміз отырған едік. Мұхаммед бір адамды шақырып: “Әкеңнен естігеніңді маған да айт”, – деді.
Әлгі адам: “Әкем мыналарды баяндады”, – деп, әкесінің айтқандарын жеткізді: “Зәйд ибн Сәбитке бардым. Одан Құран кәрімді бір аптада хатым ету жөнінде не ойлайтынын сұрадым. Зәйд: ‘Жақсы болады’, – деді де, тағы былай деп қосты: ‘Бірақ меніңше, он бес немесе он күнде бір хатым жасау әлдеқайда жақсы’. Содан соң: ‘Неге десең...’ – деді. Мен бірден: ‘Неге?’ – деп сұрадым. Зәйд: ‘Әр аятты жақсылап ой елегінен өткізу және аяттардың соңында қажетінше тоқтай алу үшін’, – деп жауап берді”».