Хадис

Муатта, № 35

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
8. Дұғаға қатысты риуаяттар
Нөмірі
№ 35 (кітап ішіндегі рет реті)
35
Муатта, 16-кітап, № 35
Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Атиктің немересі Абдуллаһ ибн Абдуллаһ былай деп баяндайды: «Абдуллаһ ибн Омар Мәдина ауылдарының біріндегі Мұғауия ұлдарының жұртына соқты. Олардан: “Алла елшісінің (с.а.с.) сендердің мына мешіттеріңде қай жерде намаз оқығанын білесіңдер ме?” – деп сұрады. Мен оған: “Иә, білемін”, – деп, бір бұрышты көрсеттім. Бұл жолы ол: “Сол жерде жасаған үш дұғасының қандай екенін білесің бе?” – деді. Мен: “Иә”, – дегенде, ол: “Ендеше айт”, – деді. Мен: “Дұшпандарының өздеріне үстем келмеуі және Алла Тағаланың оларды қуаңшылық пен аштыққа ұшыратпауы жөнінде дұға етті. Бұл екі тілегі қабыл болды. Араларына бүлік түсіп, бір-бірімен жауласпаулары үшін де дұға етті, бірақ бұл тілегі қабыл болмады”, – дегенімде, ол: “Дұрыс айттың”, – деп жауап берді».

Ибн Омардан риуаят етіледі: «Алайда мүміндердің бірін-бірі өлтіруі қияметке дейін ешқашан тоқтамайды1».

  1. 1Сағд ибн Әби Уаққастан марфуғ түрінде жеткен. Муслим, «Фитән», 52/30.