Қазақша аудармасы
Мұхаммед ибн Ибраһим ибн Харис әт-Тәйми былай деп баяндайды: Мүміндердің анасы Әзірет Айша былай деді: «Алла елшісінің (с.а.с.) жанында ұйықтап жатқан едім. Түнде оның төсекте жоқ екенін сездім. Қолыммен сипап іздегенімде, қолым аяқтарына тиді. Ол сәждеде еді және былай дұға етіп жатты: “Ашуыңнан разылығыңа, жазаңнан кешіріміңе сиынамын. Өзіңнен тағы Өзіңе сиынамын. Мен Сені лайықты түрде мадақтауға дәрменсізбін. Сен Өзіңді қандай мадаққа лайық көрсең, дәл сондайсың1”».
- 1Ибн Абдулбәр былай дейді: «Мәликтің риуаятшылары мұның мүрсал екеніне қатысты қайшылыққа түспеген. Әл-Ағраж – Әбу Һурайра – Айша тізбегімен мүснад түрінде жеткен». Муслим, «Салат», 4/222.