Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Дұға еткен кезде: “Уа, Алла! Қаласаң, мені кешір. Уа, Алла! Қаласаң, маған рақым ет!” – демеңдер. Өйткені Алла Тағала қалағанын істеуде ерікті, Оны ешкім мәжбүрлей алмайды1».
- 1Бұхари, «Даъауат», 80/21; Муслим, «Әз-Зикр уәд-дуға», 48/9.