Хадис

Муатта, № 20

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
7. Алла Тағаланы зікір етудің артықшылығы
Нөмірі
№ 20 (кітап ішіндегі рет реті)
20
Муатта, 16-кітап, № 20
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра былай деп баяндайды: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Кім күніне жүз рет: “Алладан басқа тәңір жоқ, Оның серігі әрі теңдесі жоқ. Мүлік Соған тән, мадақ Соған ғана лайық. Ол барлық нәрсеге құдіретті”, – десе, он құл азат еткендей сауап алады, амал дәптеріне жүз жақсылық жазылады, жүз жамандығы өшіріледі. Бұл дұға сол күні кеш батқанға дейін оны шайтаннан қорғайтын қорған болады. Бұл дұғаны күніне одан көбірек оқығандардан басқа ешкім қиямет орнына бұдан артық амалмен келе алмайды1».

  1. 1Бұхари, «Бәду әл-халқ», 59/11; Муслим, «Әз-Зикр уәд-дуға», 48/28.