Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра былай деп баяндайды: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге жүріп келе жатқан едім. Бір кезде ардақты Пайғамбар “Қул һуаллаһу әхад” сүресін оқып тұрған бір адамның дауысын естіді де: “Нәсіп болды”, – деді. Мен: “Не нәсіп болды, уа, Расулалла?” – деп сұрағанда, ол: “Жәннат”, – деді. Осыдан кейін барып, оқып тұрған адамға сүйінші хабарды жеткізгім келді. Бірақ Алла елшісімен (с.а.с.) бірге ас ішу мүмкіндігінен айырылып қалам ба деп қорықтым. Сондықтан ардақты Пайғамбармен бірге ас ішуді таңдадым. Кейін әлгі адамды іздедім, бірақ орнынан таба алмадым, кетіп қалыпты1».
- 1Тирмизи, «Сәуаб әл-Құран», 42/11.