Хадис

Муатта, № 13

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
5. Тиләуат сәждесіне қатысты риуаяттар
Нөмірі
№ 13 (кітап ішіндегі рет реті)
13
Муатта, 16-кітап, № 13
Қазақша аудармасы

Ибн Омардың азат еткен құлы Нәфиғ мысырлық бір адамнан жеткізеді: «Омар ибн Хаттаб Хаж сүресін оқып, екі тіләуат сәждесін жасады. Содан кейін: “Бұл сүренің артықшылығы екі сәждемен одан әрі арттырылды”, – деді1».

  1. 1Шәйбани, 269.