Қазақша аудармасы
Нәфиғтан риуаят етіледі: «Абдуллаһ ибн Омар ораза айт күні айт намазынан бұрын да, кейін де басқа намаз оқымайтын1».
Имам Мәлик былай деп жеткізеді: «Естуімше, Сағид ибн Мусәйяб айт намазына таң намазын оқығаннан кейін, күн шықпай тұрып баратын».
- 1Ибн Аббастан мағынасы жағынан марфуғ түрінде жеткен. Бұхари, «Идәйн», 13/16; Муслим, «Салат әл-идәйн», 8/13. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 234.