Хадис

Муатта, № 78

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
10. Сапарда намаздарды қысқарту
бап
23. Намаздан бұрын және кейін жасалатын істерге қатысты өзге риуаяттар
Нөмірі
№ 78 (кітап ішіндегі рет реті)
78
Муатта, 10-кітап, № 78
Қазақша аудармасы

Уасиғ ибн Хаббан былай деп баяндайды: «Намаз оқып тұрған едім, Абдуллаһ ибн Омар арқасын құбыла қабырғасына сүйеп тұрған болатын. Намазымды аяқтаған соң сол жағымнан бұрылып, оның қасына бардым. Ол: “Неге оң жағыңнан бұрылмадың?” – деп сұрады. Мен: “Сізді көрдім, сондықтан бұрылдым”, – дедім. Ол: “Жақсы істедің. Кейбіреулер намазды аяқтаған соң оң жағынан бұрылсын дейді. Сен намаз оқығанда қалаған жағыңнан бұрыл: қаласаң оң жағыңнан бұрыл, қаласаң сол жағыңнан бұрыл1”, – деді».

  1. 1Бұл хадисте айтылған «бұрылу» дегеніміз – имамның немесе жамағаттағы адамның намазды аяқтаған соң жүзін жамағатқа қарай бұруы. Осы хадиске сәйкес, оңға да, солға да бұрылуға болады. Алайда осы тақырыптағы өзге хадистерге қарағанда, оң жақтан бұрылудың абзал екені аңғарылады.