Қазақша аудармасы
Нәфиғтан риуаят етіледі: «Абдуллаһ ибн Омар намаз оқып тұрған бір адамның жанынан өтіп бара жатып, оған сәлем берді. Әлгі адам: “Уағалейкум сәләм”, – деп сәлемін алды. Сонда Абдуллаһ ибн Омар әлгі адамға бұрылып былай деді: “Намаз оқып тұрған кезде сендердің біріңе сәлем берілсе, ‘Уағалейкум сәләм’ деп жауап қайтармасын, қол ишарасымен жауап берсін1”».
- 1Бұл Исламның алғашқы кезінде болған. Кейін намаз оқып тұрған адамға сәлем беруге және оның сәлемді сөзбен алуына тыйым салынған.