Қазақша аудармасы
Абдулкәрим ибн Әби Мухарик әл-Басриден риуаят етіледі: «Мына сөздер алғашқы пайғамбарлардан бері келе жатқан сөздерден: “Ұятың жоқ болса, қалағаныңды істей бер”. Сондай-ақ: “Намазда бір қолды екінші қолдың үстіне қою, яғни оң қолды сол қолдың үстіне қою, ауызашар уақыты келгенде күтпей дереу ауыз ашу және сәресі асын кешіктіріп жеу – сүннет1”».
- 1Бірінші бөлігін Әбу Мәсғуд Уқба ибн Амр әл-Ансари әл-Бәдриге дейін жеткізеді. Бұхари, «Азан», 10/87.