Хадис

Муатта, № 43

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
10. Сапарда намаздарды қысқарту
бап
13. Намазда сәжде жасайтын жерді түзету
Нөмірі
№ 43 (кітап ішіндегі рет реті)
43
Муатта, 10-кітап, № 43
Қазақша аудармасы

Әбу Зәрден риуаят етіледі: «Сәждеде маңдай тиетін жерді бір қимылмен бір рет түзетуге болады. Алайда мұны істемеу түйелердің ең бағалысы саналатын қызыл түсті түйелерге ие болудан да қайырлы1».

  1. 1Суфиян – Зуһри – Әбул-Ахуас – Әбу Зәр тізбегімен марфуғ түрінде риуаят етілген. Әбу Дәуіт, «Салат», 2/171; Тирмизи, «Салат», 2/162; Нәсәи, «Сәһу», 13/7; Ибн Мәжа, «Иқамат әс-салат», 5/62.