Қазақша аудармасы
Әзірет Айшадан риуаят етіледі: «Мен Алла елшісінің сәске намазын оқығанын көрмедім, бірақ өзім оқимын. Алла елшісі (с.а.с.) кейде өзі жасағысы келген нәпіл ғибадаттарды адамдар тұрақты түрде орындап, кейін ол оларға парыз етіліп қала ма деп қорыққандықтан тәрк ететін1».
- 1Бұхари, «Тәһәжжүд», 19/5; Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/77. Әзірет Айшаның «Алла елшісінің (с.а.с.) сәске намазын оқығанын көрмедім» деуі оның бұл намазды оқымағанын білдірмейді. Осы және осыған ұқсас хадистер оның сүннет намаздарын парыздай үздіксіз оқымай, парыз деп қабылданбасын деген оймен кейде тәрк еткенін білдіреді.