Хадис

Сахих Мүслим, № 637

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
9. Иғтикаф кітабыكِتَابُ الِاعْتِكَافِ
бап
8. Қадір түнін Рамазан айының соңынан кері санағандағы тоғызыншы, жетінші және бесінші түндерден іздеңдерبَابٌ: اِلْتَمِسُوهَا فِي التَّاسِعَةِ وَالسَّابِعَةِ وَالْخَامِسَةِ
Нөмірі
№ 637 (Мухтасар реті)
637
Мүслим, № 637Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «اِعْتَكَفَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْعَشْرَ الْأَوْسَطَ مِنْ رَمَضَانَ، يَلْتَمِسُ لَيْلَةَ الْقَدْرِ قَبْلَ أَنْ تُبَانَ لَهُ، فَلَمَّا اِنْقَضَيْنَ أَمَرَ بِالْبِنَاءِ فَقُوِّضَ، ثُمَّ أُبِينَتْ لَهُ أَنَّهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ، فَأَمَرَ بِالْبِنَاءِ فَأُعِيدَ، ثُمَّ خَرَجَ عَلَى النَّاسِ، فَقَالَ: “يَا أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّهَا كَانَتْ أُبِينَتْ لِي لَيْلَةُ الْقَدْرِ، وَإِنِّي خَرَجْتُ لِأُخْبِرَكُمْ بِهَا، فَجَاءَ رَجُلَانِ يَحْتَقَّانِ مَعَهُمَا الشَّيْطَانُ، فَنُسِّيتُهَا، فَالْتَمِسُوهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ، اِلْتَمِسُوهَا فِي التَّاسِعَةِ وَالسَّابِعَةِ وَالْخَامِسَةِ”». قَالَ: «قُلْتُ: “يَا أَبَا سَعِيدٍ، إِنَّكُمْ أَعْلَمُ بِالْعَدَدِ مِنَّا”. قَالَ: “أَجَلْ، نَحْنُ أَحَقُّ بِذَلِكَ مِنْكُمْ”». قَالَ: «قُلْتُ: “مَا التَّاسِعَةُ وَالسَّابِعَةُ وَالْخَامِسَةُ؟” قَالَ: “إِذَا مَضَتْ وَاحِدَةٌ وَعِشْرُونَ، فَالَّتِي تَلِيهَا ثِنْتَانِ وَعِشْرُونَ فَهِيَ التَّاسِعَةُ، فَإِذَا مَضَتْ ثَلَاثٌ وَعِشْرُونَ، فَالَّتِي تَلِيهَا السَّابِعَةُ، فَإِذَا مَضَى خَمْسٌ وَعِشْرُونَ فَالَّتِي تَلِيهَا الْخَامِسَةُ”». وَقَالَ ابْنُ خَلَّادٍ مَكَانَ «يَحْتَقَّانِ»: «يَخْتَصِمَانِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деп баяндады: «Қадір түні оған анық көрсетілмей тұрып, Алла Елшісі (с.а.с.) оны іздеп, Рамазанның ортаңғы он күнінде иғтикаф жасады. Сол он күн өтіп біткен соң, шатырын жинауды бұйырды да, шатыр жиналды. Содан кейін Қадір түнінің соңғы он күнде екені оған анық көрсетілді. Ол шатырын қайта тігуді бұйырып, шатыр қайта тігілді. Кейін адамдардың алдына шығып: “Уа, адамдар! Маған Қадір түні анық көрсетілген еді. Оны сендерге хабарлауға шыққанымда, қастарында шайтан бар екі адам өзара дауласып келді. Сөйтіп, ол маған ұмыттырылды. Ендеше, оны Рамазанның соңғы он күнінен іздеңдер. Оны тоғызыншы, жетінші және бесінші түндерден іздеңдер”, – деді». Риуаятшы: «Мен: “Уа, Әбу Сағид! Сіздер санақты бізден жақсырақ білесіздер”, – дедім. Ол: “Иә, бұл санақты сендерден гөрі біз жақсырақ білеміз”, – деді. Мен: “Тоғызыншы, жетінші және бесінші түндер деген қай түндер?” – деп сұрадым. Ол: “Жиырма бір түн өткеннен кейінгі түн – жиырма екінші түн, сол – тоғызыншы түн. Жиырма үш түн өткеннен кейінгі түн – жетінші түн. Ал жиырма бес түн өткеннен кейінгі түн – бесінші түн”, – деді», – деп жеткізген. Ибн Халлад «дауласып» деген сөздің орнына «тартысып» деп жеткізген. (1167/217)