عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِعْتَكَفَ الْعَشْرَ الْأَوَّلَ مِنْ رَمَضَانَ، ثُمَّ اِعْتَكَفَ الْعَشْرَ الْأَوْسَطَ فِي قُبَّةٍ تُرْكِيَّةٍ عَلَى سُدَّتِهَا حَصِيرٌ». قَالَ: «فَأَخَذَ الْحَصِيرَ بِيَدِهِ فَنَحَّاهَا فِي نَاحِيَةِ الْقُبَّةِ، ثُمَّ أَطْلَعَ رَأْسَهُ فَكَلَّمَ النَّاسَ، فَدَنَوْا مِنْهُ، فَقَالَ: “إِنِّي اِعْتَكَفْتُ الْعَشْرَ الْأَوَّلَ، أَلْتَمِسُ هَذِهِ اللَّيْلَةَ، ثُمَّ اِعْتَكَفْتُ الْعَشْرَ الْأَوْسَطَ، ثُمَّ أُتِيتُ، فَقِيلَ لِي: ‘إِنَّهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ’، فَمَنْ أَحَبَّ مِنْكُمْ أَنْ يَعْتَكِفَ فَلْيَعْتَكِفْ”. فَاعْتَكَفَ النَّاسُ مَعَهُ، قَالَ: “وَإِنِّي أُرِيتُهَا لَيْلَةَ وِتْرٍ، وَإِنِّي أَسْجُدُ صَبِيحَتَهَا فِي طِينٍ وَمَاءٍ”. فَأَصْبَحَ مِنْ لَيْلَةِ إِحْدَى وَعِشْرِينَ، وَقَدْ قَامَ إِلَى الصُّبْحِ، فَمَطَرَتِ السَّمَاءُ، فَوَكَفَ الْمَسْجِدُ، فَأَبْصَرْتُ الطِّينَ وَالْمَاءَ؛ فَخَرَجَ حِينَ فَرَغَ مِنْ صَلَاةِ الصُّبْحِ، وَجَبِينُهُ وَرَوْثَةُ أَنْفِهِ فِيهِمَا الطِّينُ وَالْمَاءُ، وَإِذَا هِيَ لَيْلَةُ إِحْدَى وَعِشْرِينَ مِنَ الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ».
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Рамазанның алғашқы он күнінде иғтикафқа кірді. Одан кейін ортаңғы он күнінде кіреберісіне бойра ілінген түрік шатырында иғтикафқа кірді. Ол бойраны қолымен алып, шатырдың бір шетіне ығыстырды. Содан соң басын шатырдан шығарып, адамдарға тіл қатты. Адамдар оған жақындай түсті. Сонда ол (с.а.с.): “Мен осы түнді іздеп, алғашқы он күнде иғтикафқа кірдім. Кейін ортаңғы он күнде иғтикафқа кірдім. Содан кейін маған біреу келіп: ‘Ол соңғы он түннің ішінде’, – деді. Сондықтан араларыңнан кім иғтикафқа кіргісі келсе, кірсін”, – деді. Адамдар да онымен бірге иғтикафқа кірді. Ол (с.а.с.): “Маған оның тақ түндердің бірінде болатыны әрі сол түннің таңында су мен балшықтың үстіне сәжде жасайтыным көрсетілді”, – деді. Жиырма бірінші түннің таңы атқанда, ол таң намазына тұрған кезде аспаннан жаңбыр жауды. Мешіттің төбесінен су тамды. Мен су мен балшықты көрдім. Ол таң намазын аяқтап шыққанда, маңдайы мен мұрнының ұшында су мен балшық бар еді. Сөйтсе, бұл соңғы он түннің ішіндегі жиырма бірінші түн екен». (1167/215)